Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды

Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі облыста жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеді. Зардап шеккендерге көмек облыс әкімлігінің резервінен көрсетілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

өрт Қостанай

“Бүгінгі күні Қостанай облысы бойынша жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланды. Облыс әкімдігінің резервінен зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Бұл, ең алдымен, жатын орын және тамақтану. 1800 адам эвакуацияланды. Мектептерде 200-ге жуық адам тұрақтады. Көбісі қауіпсіздігін тексеріп өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарын паналады”, – делінген хабарламада.



Аймақ басшысы хабарлағандай, зардап шеккендердің жаңа үй салуға немесе өтемақы алуға мүмкіндігі бар. Үйлердің құрылысы қысқа мерзімде жүзеге асырылады.

“Бүгін 108 ғимарат зардап шекті, оның ішінде 98 үй толығымен өртенді. Қазір басты міндет - өртті толығымен ауыздықтау. Ірі кәсіпорындар мен шағын бизнес шет қалмайды және зардап шеккендерге барлық жағынан көмектеседі. Жақын күндері жұртшылық барлық азаматтар қолдау көрсете алатын қор ашуды жоспарлап отыр”, – деп қосты баспасөз қызметі. 

Талқылау