Қостанай облысында коронавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Қазақстанда коронавирустық инфекцияның тағы 7 жағдайы тіркелді.
"7 жағдайдың1-і Шығыс Қазақстан облысында, 2-уі Жамбыл облысында, 3-і Түркістан облысында және 1-уі Қостанай облысында", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Жалпы, республикада коронавирустың тіркелуінің 460 жағдайы расталды.
Бұдан бірер минут қана Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қостанай облысында коронавирус жұқтырғандар жоқ деп мәлімдеген еді.
"Десек те егер бұл жаққа да коронавирус жетсе, қостанайлық медициналық дәрігерлердің індетпен күресуге дайын екендігіне бек сенімдімін", - деді Біртанов.
Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған 460 адам тіркелді, 29 науқас емделіп шықты, үшеуі қайтыс болды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”