Қостанай облысында картоп сатып алуға бөлінген 96 миллион теңге жымқырылған
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында 96 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, Қостанай облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылығы саласы субъектілерінің сенімін теріс пайдалану және алдау жолымен ауыл шаруашылық тауарларының сапасы мен өнімділігін арттыру бағдарламасы аясында субсидия жымқырылған. Бұл қаражат картоп тұқымын сатып алуға арналған.
“Осы азаматтың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 96 млн теңгені құраған”, – делінген хабарламада.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды