Қостанай облысында 22 жастағы жігіт 50 жастағы ұстазды зорламақ болған
Жаңа жыл түні Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде бұрын сотты болған ер адам мұғалімнің үйіне кіріп, ұрып-соғып, буындырып, зорламақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Жәбірленуші 50-ден асқан, сотталушы 22 жаста. Әйел аты-жөні мен шабуылдың қай аймақта болғанын әзірге құпия сақтауды сұрады.
Сотта мұғалім барлығын егжей-тегжейлі және эмоционалды түрде айтып берген.
Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 149, 107, 120-баптары, 1-бөлімдері - тұрғын үйге кіру, орташа ауырлықтағы ұрып-соғу және зорлауға оқталу бойынша сотқа жіберілді. Соңғы бап бойынша жас жігіт кінәсін мойындамайды. Жәбірленуші ол қылмыскерге әрең қарсы тұрғанын айтады.
Сот процесі жалғасуда.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті