Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында екі апталық қатаң карантин енгізілді

Қостанай облысында шектеу шаралары күшейтілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Alau.kz сайтына сілтеме жасап.

карантин

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысында облыста соңғы бірнеше тәулікте коронавируспен ауруға қатысты эпидемиологиялық жағдай күрделене түскені атап өтілді. Осыған байланысты, COVID-19-ның одан әрі таралуын болдырмау үшін облыстық жедел штаб карантиндік шараларды 2020 жылдың 9 қарашасынан бастап 2 апта мерзімге күшейту туралы шешім қабылдады. 

9 қарашадан бастап 2 аптаға:

- Қостанайда қаласының периметрі бойынша, сондай-ақ ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік өткелі аймағында блок-посттар орнату;

- КВИ ауруының тәуліктік өсімі 10 жағдайдан асатын елді мекендерде санитарлық бақылау бекеттерін орнату;

- Қостанай облысына ПТР анықтамасыз жүк көлігі мен жолаушылардың кіруіне тыйым салу, жоқ болса, карантиндік ауруханаға тексеруге 2 тәулікке дейін жіберу;

- Әуе қатынасы жолаушыларына теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамалардың міндетті түрде болуы (берілген күннен бастап 3 тәуліктен артық емес);

- әуежайларға, темір жол вокзалдарына күтіп алатын және шығарып салатын тұлғаларды кіргізуге тыйым салу (билет болған жағдайда ғана өткізу);

- темір жол тасымалдарының көлемі мен кезеңділігін қысқарту;

- 21: 00-ден 06: 00-ге дейін Қостанай облысының елді мекендерінің аумағында тұрғындардың қозғалысын шектеуге;

- 6.00-ден 20.00-ге дейін орын саны бойынша қоғамдық көлікті басқаруға рұқсат.

Келесі нысандардың жұмысын тоқтату мен шектеу:

- Демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктің;

- Діни нысандардың;

- Мәдени нысандардың, кітапханалардың, мұражайлардың қызметін;

- Жұмыс күндері 08.00-ден 21.00-ге дейін үй-жайларда қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат беру.

- Жексенбі, мереке күндері және 21.00-ден кейін жұмыстың жеткізу форматында рұқсат ету;

- Сұлулық салондарының, шаштараз салондарының, курорттық орталықтардың, жұмыс уақытын 08.00-ден 19.00-ге дейін шектеу, және жазылу арқылы косметологиялық қызмет көрсететін мекемелердің жұмысына рұқсат. Жексенбіде жұмысты тоқтату.

- Фитнес-орталықтардың, жаттығу залдарының және спорттық-сауықтыру орталықтарының жұмысына алдын-ала жазылу арқылы рұқсат беру және жұмыс уақыты 08.00-ден 19.00-ге дейін рұқсат. Демалыс және мереке күндері тоқтату.

- Спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындарына және жарыстарға қатысуына тыйым салу

- Жерлеу шараларын өткізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 20-дан астам адамның (отбасы мүшелерінің, жақын туыстардың) жиналуына жол бермеу;

- Жиналыс және отрыстарды офлайн өткізуге тыйым салу.

- Мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 80% -ның қашықтан жұмыс режиміне ауыстыру;

- Жолаушылар саны 2 адамнан аспайтын такси қозғалысын 21: 00-ден 6: 00-ге дейін шектеу;

- Театрлардың, кинотеатрлардың қызметін тоқтата тұру;

- Сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер үшін жұмыс уақытын 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу.

- 08:00-ден 21:00-ге дейін азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақытын шектеу;

- Термопарктің жұмысына тыйым салу;

- Демалыс және мереке күндері қалааралық қоғамдық көліктердің қозғалысын тоқтату.

"Құрметті, Қостанай қаласының тұрғындары! Сізден жеке қауіпсіздік шараларына байыпты қарауыңызды сұраймыз. Байланыстарыңызды азайту, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, күнделікті өмірде барлық сақтық шараларын саналы түрде сақтау маңызды. Болашақта шектеу шараларын жою туралы барлық шешімдер қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қабылданады", - делінген қарарда.

Талқылау