Қостанай облысының тұрғыны өз пәтерінен өлі табылды
Қостанай облысындағы Лисаковск қаласында 56 жастағы әйел өз пәтерінен өлі табылды. Полицейлер әйелдің күштеп өлтірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"8 сәуірде Лисаковскіде 56 жастағы танысының мәйітін сол үйге қонаққа келген әйел тапқан. Пәтердің есігі құлыпталмаған. Сот-медициналық сараптамасы кезінде зорлықпен өлтіру дерегі анықталды", – делінген полиция хабарламасында.
Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеу басталды. Жедел-тергеу тобы құрылған. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәлімет жария етуге жатпайды.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты