Көшеге себепсіз шықпаңыздар: Ауа райының күрт нашарлауына байланысты алматылықтарға ескерту айтылды
Синоптиктер 14 мамырда Алматыда ауа райы күрт нашарлайды деп ескертті. Қалада жауын жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 14 және 15 мамырда Алматыда нөсер жаңбыр жауады, 15 мамырда бұршақ жауады. Сонымен қатар, найзағай ойнап, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Осыған байланысты алматылықтардан ғимараттар мен үй-жайлардан орынсыз шықпауды, сондай-ақ көліктерді ағаштардың астында қалдырмауды сұрайды.
Алматының таулы аймақтарында алдағы демалыс күндері найзағай ойнап, нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, 15 мамырда екпіні 23-28 м/с болады.
Төтенше жағдайлар департаменті туристерден тауға барудан бас тартуды сұрайды. Алматылықтар үшін 112 қызметі мен БАҚ, теле және радиохабарламалардан ескертулер айтылды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған