Көшеде көлікпен сүйреген: Павлодарда полиция куәгерлерді іздестіріп жатыр
Павлодарда көшеде көлікпен адамды сүйреткен. Полиция куәгерлерді іздестіріп жатыр, олар жайлы мәліметті жарияламауға және құпиялықты сақтауға кепілдік беріледі, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz-ке сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, полиция қызметкерлері Телеграм мессенджерінде автокөліктің адамды сүйретіп жүргені түсірілген видеоны анықтаған.
"Аталған факті Павлодар қаласының полиция басқармасында тіркелді. Бұл жайтқа қатысы бар адамдар мен куәгерлерді анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда", - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі