"Қош келдің, ұлым!": Ерке Есмахан босанды
Танымал жұлдызды жұп Ерке мен Raim сәби күтіп жүргенін сүйіншіліген болатын. Ерке Есмахан босанып, шекесі торсықтай ұл тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қос әнші “Бұл махаббат” әні арқылы сәбилі болатынын жариялаған еді.
“Альхамдулиллях! Қош келдің, ұлым!”, – деп жазды cәбидің әкесі.
Оқырмандары жарыса тілек жазып, дүние есігін ашқан сәбиге ұзақ ғұмыр тілеп жатыр.
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева: “Ал сүйінші! Байбақтының туын көтеретін батыр дүниеге келді!
Ана болды Ерке қыз!
Әке болды Райым!
Бақытты боп екі жас,
Бірге болсын лайым!
Батыр ұлдың артынан,
Салиқалы ұл-қызды
Бере берсін құдайым!” – деп тілек жолдады.
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Куәгерлер "сотталушы ішімдік ішті ме?" деген сұраққа жауап бере алмады
8 маусымдағы сот отырысына Александр Пак онлайн қатысты
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты