Қосалқы бөлшек ретінде әкелінген автокөлікті заңдастыру шарттарын айқындайтын қаулы әзірленді
Шетелден қосалқы бөлшек ретінде әкелінген автокөлікті заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірледі", - деді Қайсар Сұлтанбаев ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.
ІІМ өкілінің сөзінше, аталған жоба жария талқылаудан өтті.
"Біз оларды қорытындылап болғаннан кейін мемлекеттік органдарға түпкілікті келісуге жібереміз. Одан кейін Үкіметке енгіземіз. Заңдастыру жұмыстары жалғасуда", - деді комитет төрағасы.
Айта кетейік, бұған дейін елімізге шетелден әкелінген 69 мыңнан астам көлік заңдастырылған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған