Коронавирустың екінші толқыны туралы Надыров: Күз мезгіліне дайындық жүріп жатыр

Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Камалжан Надыров коронавирустың екінші толқынына дайындықтың басталып кеткенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Надыровтың сөзінше медициналық қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалған. Алматы қаласының мамандары арнайы қорғаныш құралдары мен тиісті жабдықтармен қамтамасыз етілген деп отыр ол. 

"Науқастардың медициналық көмекті алу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Медициналық қызметкерлер қорғаныш құралдарымен және тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген", -дейді Надыров.

Сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы коронавирустың екінші толқыны туралы айтып өтті. Қазіргі таңда вирустың жаңа әлде қайда күшті формасына дайындық бастап кеткендерін айта кетті Надыров.

"Күз мезгіліне де дайындалып жатырмыз. Егер аурудың екінші толқыны болып қалса деп", - дейді Надыров.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Надыров ауру белгілері жоқ науқастар емдеуді қажет етпейтіні туралы жазған болатынбыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр