Надыров: Симптомсыз науқастарды емдеудің қажеті жоқ
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Камалжан Надыров ауру белгілері жоқ науқастарға дәрігердің көмегі керек емес екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Надыров ауру белгілері жоқ науқастарға ем тағайындау жөнінде түсіндіріп берді. Оның айтуынша, сиптомсыз науқастарға арнайы ем талап етілмейді. Дегенмен қазіргі таңда коронавирус анықталған барлық тұрғындарды қатаң қадағалауда ұстап отырмыз дейді Надыров.
"Вирус жұқтырғандардың 70%-ы симптомсыз. Барлығыңызға белгілі елімізде коронавирус жұқтырған адамдарды емдеудің арнайы протоколы бар. Нақты ем жоқ. Оған қатысты бүкіл әлемнің ғалымдары жұмыс жасап жатыр. Соған орай симптомсыз науқастар қандайда бір емді қажет етпейді. Алайда әрбір науқасты ерекше назарға алып отырмыз. Хабарласып, тексеріп, науқастардың қазіргі жағдайын қадағалап отырмыз", - дейді ол.
Соңғы уақытта елімізде ауру белгілері жоқ науқастардың саны күрт артып кетті.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”