Коронавирусты жұқтырған қазақстандық 9 наурызда 73 жолаушымен ұшып келген
Коронавирус жұқтырған алғашқы қазақстандық Қазақстанға Германиядан 9 наурызда келді. Онымен бірге ұшқан 73 жолаушы табылып, карантинге жіберіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз жеке мәліметтерді жария ете алмаймыз. Бұл еркек пен әйел. Бірінші науқас 9 наурызда Германия бірінші санатқа кірмей тұрып келді, ал екіншісі - 12 наурызда, кешке жақын келді".
"9-шы наурызда олармен бірге ұшып келген 73 жолаушы болды, бізде тізімдер бар. Біз олардың қайда екенін білеміз. Оларды оқшаулай бастаймыз, іздестіріп, карантинге жатқызамыз. Бұл науқастар емес, олар 14 күнге карантинге орналастырылады", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Бұл туралы сайтымыздың Youtube-каналымыздан көре аласыздар
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?