104 жастағы әжей коронавирусты қалай жеңгенін айтты
АҚШ-тың 104 жастағы тұрғыны туған күнін атап өтіп, ұзақ өмір сүрудің сырын ашты.
Лос-Анджелесінің тұрғыны Сильвия Арментерос бұл мерекені отбасымен және достарымен, сондай-ақ өзінің қарттар үйінің қызметкерлері мен тұрғындарымен атап өтті.
Әйел АҚШ-қа 1959 жылы Кубадан келген және содан бері Нью-Йоркте қызметші және күтуші болып жұмыс істеген. Арментеростың кейбір бұрынғы қамқоршылары оны құттықтау үшін Флоридаға келді. 2021 жылдың соңында ол коронавирусты жұқтырды, бірақ дәрігерлерді таңғалдырып, ол ауруды екі апта ішінде жеңді.
Әйел ұзақ өмір сүруінің себебі ретінде өмірге деген сүйіспеншілік, отбасылық қолдау және биге деген құштарлықты атады.
"Таңертең келгенімде, анам келесі жылы да бір той өткізуіміз керек деді. Ол 110 жасқа дейін өмір сүретініне сенімді және мен бұған күмәнданбаймын", – деді Арментеростың ұлы Алехандро Суанес журналистерге.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, АҚШ-тың 102 жастағы тұрғыны әлі күнге дейін көлік жүргізетінін айтқан еді. Ер адам оқуды жақсы көретіндіктен ұзақ өмір сүргеніне сенімді.