Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирусты "өлтіретін" өнім анықталды

Франциядағы Монпелье университетінің зерттеушілер тобы коронавирусты "өлтіретін" өнімді анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

капуста

Зерттеу авторларының айтуынша, бұл өнім - қырыққабат. Ғалымдар коронавирустан болған өлім-жітім деңгейі төмен елдерде қырыққабаттың әртүрлі түрлері танымал екенін анықтады. Мысалы, Германия мен Оңтүстік Кореяда COVID-19-дан болатын өлім айтарлықтай төмен болды.

Қырыққабатта коронавирустың ауыр ағымына кедергі келтіретін заттар бар. Мәселен, ащы қырыққабатта ағзаны патогендерден қорғауды күшейтетін антиоксиданттар бар.

Бұған дейін испандық диетолог Алехандро Кановас пен Испанияның пульмонология және торакальды хирургия қоғамының (SEPAR) басшысы Эусеби Чинер коронавирустан өкпені қорғауға көмектесетін өнімдерді атады. Кановастың айтуынша, тыныс алу жүйесін нығайтуға жұмыртқа, күріш, көк балық және жаңғақ көмектесе алады. Чинер өкпе жағдайы нашарлаған кезде ағзаның ақуызға деген қажеттілігі өседі деп түсіндірді. Атап айтқанда, жұмыртқада А дәрумені сияқты майда еритін витаминдер, сондай-ақ сапалы ақуыздар бар.

Талқылау