Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирусты анықтайтын ПТР тестілеудің құны неге қымбат: Бюрабекова жауап берді

Вице-министр коронавирусты анықтайтын ПТР тестілеудің бағасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Корнавирусты анытқайтын тест тапсыру шамамен 10 мың теңгенің төңірегіне жуықтайды. Алайда тестің өзінің құны әлдеқайда арзан. Осыған байланысты халықтың арасында келіспеушіліктер туындауда. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова ПТР тестілерінің не себепті қымбат екенін түсіндіріп берді. Оның айтуынша, тест құнына жұмысшылардың жалақысы, арнайы құтылар және өзге де қызметтер кіреді. 

"Төлем ПТР сынағы үшін емес, сонымен қатар ПТР тестілеу қызметі үшін жасалады, оған тесттің өзі ғана емес, сонымен бірге шығын материалдары да кіреді. 40-тан астам зертханалық өнімдер бар. Бұл айтарлықтай үлкен мөлшер, медициналық қызметкерлерге арналған қорғаныс құралдары, оларды4 жалақысы тағы басқалары. Бұл қызмет үшін төленетін кешен. Сондықтан құны шамамен 10,5 мың теңгені құрайды", - дейді ол. 

Талқылау