Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирусты анықтаймыз деп қатерлі ісік тапқан: Covid-19 алматылық дәрігерлерге көмектесіп жатыр

Коронавирус алматылық дәрігерлерге көмектесіп жатыр. Науқастар вирусты анықтайтын тест тапсырамыз деп, басқа аурулары бар екенін білген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 


Соңғы уақыттары адамдар жаппай вирусқа тест тапсырып жатыр. Алайда олар тест тапсырамыз деп, әлдеқайда күрделі ауруға шалдыққандарын білген.
Мысалы, алматылықтардан өкпе обыры жиі анықталатын болған. Қала тұрғындары пневмония жұқтырып алудан қауіптеніп рентген мен томографиялық тексерістен өтуге барғанда онкологиялық аурулары бар екенін білген.  
Қатерлі ісіктің бастапқы түрі 20-ға жуық адамда анықталған. Бұл жағдай тұрғындарды қатты таңғалдырды.

Алматыдағы клиникаға өкпесін тексерту үшін күніне кем дегенде 40 науқас келеді.  Коронавирустың бірінші толқынының ортасында компьютерлік томографиядан өтуді қалайтындар саны көбейген. Олар пневмония бар-жоғын анықтау үшін келіп, мүлдем басқа ауруға шалдыққанын білген. Тексеру кезінде дәрігерлер қатерлі ісік диагнозын бірнеше рет қойған.  

"Мысалы, науқас бізге кеуде мүшелерін тексеруге келеді. Бірақ біз оның бауыры немесе тағы басқа жерінің ауыратынын анықтап жатамыз. Пандемия кезінде дәрігердің жіберуімен келгендер де, өз бетімен келгендер де көп болды", - дейді рентгенолог Қымбат Сүлейменова.

Дәрігерлер аурудың ушығып кеткенін айтты.

"Пациенттер толастамай келіп жатты. Біз әдеттегідей жұмыс істедік.  Санитарлық-эпидемиологиялық нормалар күшейтілді.  Пандемия кезінде көп жағдайда кеуде клеткаларына тексеру жүргізілді.  Осы КТ-да COVID-19 және пневмониядан басқа 20-дан астам симптомсыз өкпенің қатерлі ісігі анықталды.  Олар қазір сәтті емделіп жатыр", - дейді Алматы онкологиялық орталығының хирургиялық қызметінің жетекшісі  Нұрлан Балтаев. 

Өкпенің қатерлі ісігі кезек күттірмейтін мәселелердің бірі, себебі өлім деңгейі өте жоғары.  КТ-да қатерлі ісік диагнозы қойылған адамдардың арасында 55 жастағы Нұржамал Ахматова да бар.  Әйел коронавирус жұқтырдым деп ойлаған. Ол бірден кешенді тексеруге барыпты.  

"Мен өкпе мен іш қуысын томографиялық тексеруден өткізуге бардым.  Маған коронавирус диагнозы қойылды. КТ-да ісік анықталды. Ол - неоплазма деп аталады", - дейді науқас. 

Биыл алматылық 2050 тұрғын қатерлі ісік ауруына шалдықты.

Талқылау