Коронавирустен құлан таза айығып шыққан азамат ауруға қайта шалдықты
Қытайдың оңтүстік-шығысында ер азамат коронавирус дертінен жазылып шығып, біраз уақыттан кейін қайтадан сол ауруға шалдыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сырқаттанған ер адам Чэнду қаласындағы ауруханалардың біріне жатқызылыпты. Бұған дейін ол басқа ем қабылдау орталығынан сауықты деп, үйіне жіберіліпті. Алайда көп ұзамай ол коронавируске қайта тап болыпты.
"Қазір оның ауруды басқа кімдерге жұқтырғаны белгісіз. Сараптама қорытындылары дайындалуда", - деп мәлімдеді жергілікті денсаулық сақтау басқармасы.
Азаматтың ауруды қайта жұқтырғаны 19 ақпанда анықталған. Бұған дейін ол карантинге жатқызылып, ем алып шыққан.
Еске салайық, бұған дейін коронавирус Қытайдың бірнеше түрмелерінде тарап кеткені жайлы айтылған еді.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген