Коронавирустан терісі қарайып кеткен дәрігер бұрынғы қалпына келе бастады
Коронавирустың кесірінен қарайып кеткен Ухань орталық ауруханасының дәрігері Ю Фанның терісі табиғи түсіне орала бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қытайлық The Sun агенттігіне сілтеме жасап.

Дәрігердің ауруханадан өткен аптада шығарылғаны белгілі болды. 9 мамырда түсірілген фотосуреттен оның терісі әлдеқайда ағарғанын байқауға болады.
Порталдың хабарлауынша, дәрігер коронавирустан толық айыққан, бірақ жүрген кезде аздап қиналады. Сонымен қатар, Ю Фан түнде қорқынышты түстер көретінін айтқан.
Терісі қарайып кеткен тағы бір дәрігер Ху Вейфенг әлі күнге дейін ауруханада емделіп жатыр. Дәрігер коронавируспен 100 күннен астам уақыттан бері күресіп келеді.
Бұған дейін қытайлық дәрігерлердің терісі қарайып кеткені хабарланған.
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"
"Дәрігердің өзі қатерлі ісікпен 8 жыл жүрген": Маммолог сүт безі обырының алғашқы белгілері мен ерекше оқиғаларды айтып берді
Сүт безіндегі ауырмайтын түйін де қауіпті болуы мүмкін