Шығыс Қазақстан облысында коронавирустан 41 жастағы әйел көз жұмды
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясынан 1 адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елімізде коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны 11-ге жетті. Науқас 1979 жылы дүниеге келген. Оның коронавирус жұқтырғаны қаза болғаннан кейін анықталған.
Бұған дейін коронавирустан Нұр-Сұлтан қаласы – 1, Алматы қаласы – 2, Шымкент қаласы – 1, Ақмола облысы – 3, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қарағанды облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Түркістан облысы – 1 адам өлімі тіркелген еді.
Айта кетейік, елімізде вирусты жұқтырған 972 науқас тіркелді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты