Коронавирустан көз жұмғандардың саны 361-ге артты
Қытайлық коронавирустан өкпе қабынуына шалдыққандардың саны 17 205-ке, ал көз жұмғандардың саны 361-ге артты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау комитетінің қызметкерлері мәлімдеді.
Бір күн бұрын сырқаттанғандардың саны 14 380 жетсе, мерт болғандардың саны 304-ке көбейгендігі жайлы айтылған еді.
"2 ақпан күні Қытайдың 31 провинциясынан 17 205 коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы ақпарат келіп түсті. Олардың 2296-ның жағдайы ауыр, 361-і бақилық болды, 475-сі ауруханадан шығарылды", - делінген ресми хабарламада.
Бір тәулік ішінде жаңадан 2829 науқас анықталыпты: ауру ошағы Уханьнан басқа, олардың 15-і Гонконгта, 8-і Макаода, 10-ы Тайванда екен.
Дәрігерлердің мәліметінше, болжамды түрде 21 558 дертті жұқтыруы мүмкін екен. Қазір науқастармен тығыз қарым-қатынаста болған 152,7 мың адам медицина қызметкерлерінің бақылауында.
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен
"3 ай бұрын шай төктің, ақысын төле деді": Ақтауда бойжеткенді кафеде ұрып-соғып, сүйреп шығарып жіберген (видео)
Жансая: "Диванды жудырған ақы 14 мың теңгені төле, деп телефонымды тартып алды"