"Коронавирустан көз жұмғандардың" денесі тиелген жүк көлігі қазақстандықтарды шошытты
Қазақстандықтарды қара пакеттермен оралған адамның мәйіттерін тиеп алған жүк көлігінің видеосы шошытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

Видеоның түпнұсқасы қоюшы суретші Василий Ивановтың TikTok аккаунтынан алынған. Ролик ағымдағы жылдың 30 наурызында жарияланған және онда "Хаскидің Никогда-нибудь клипінің түсірілімі" деп жазылған.
Рэпер Хаскидің "Никогда-нибудь" әніне түсірілген музыкалық видеода мәйіттерге толы КамАЗ көрсетілгені рас. Халықты шулатқан видео осы клиптен алынған болып шықты. Видеороликтің COVID-19 пандемиясына қатысы жоқ.
@vasyaivanovdesign Съемки клипа Хаски - Никогда-нибудь ##Хаски ##рэперхаски ##бекстейдж ##какснимали ##съемки ##backstage ##рекомендации ##хочуврек ##рек ##хаски
♬ Никогда-нибудь - Хаски
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған