Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустан кейін бедеулікке шалдыға ма – сарапшы жауабы

Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, профессор Ләззат Ералиева коронавирустан кейін бедеулікке шалдығу ықтималдығы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде БАҚ өкілдері "Қазақстанда коронавирус инфекциясының салдарынан бедеулікке тап болған адамдар бар ма?" деген сауал қойды.

"Өкінішке қарай, ондай статистика бар. Мен экстракорпоралды ұрықтандыру орталықтарында тексеруден өтіп жатқан адамдардың ішінде коронавирус инфекциясынан кейін аспермияға, яғни сперматозоидтардың болмауына ұшыраған ер адамдар бар екенін білемін", – деп түсіндірді сарапшы.

Оның айтуынша, ағзадағы бұл ақауды жоюға болады.

"Бақытымызға орай, үш-төрт айдан кейін жағдай жақсарады. Бірақ сперматозоидтардың саны ауру жұқтырмай тұрған кезге қарағанда әлдеқайда төмен болады. Қазір мұның бәрі зерттеліп жатыр. Мұның әлі тың деректер екенін түсінулеріңіз керек", – деді Ләззат Ералиева.

Талқылау