Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавируста беташар жасады: Қазақстандықтар желідегі видеоны талқылауда

Коронавирус індеті жаулап тұрғанда қазақстандықтар беташар жасады. Желі қолданушылары бұл видеоны қызу талқыға салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

беташар

Желі қолданушылары коронавирус уақытында той жасағандарды сынға алды. Бірақ беташар тойының еліміздің қай аумағында өткені белгісіз. Кейбіреулері той Шымкент өңірінде өткенін болжауда.

«Бұл той қай облыс, қай ауылда өтті? Әкімдер, полиция қайда ? Егер бұлар отыр дегенді түсінбесе, түрмеге жауып оқшаулаңдаршы.

Бұл елдің тұрғындары президенттің ескертуін менсінбей ме?
Денсаулығыңды неге ойламайсың ,ағайын? Айтарға сөзім жоқ.

Аз халықпыз ғой. Аталарымыз жау шапқанда да ұрпағының амандығын ойлаған. Ал сендер той тойлап жүрсіңдер. Құдалыққа барып, бір адам коронавирустың құрбаны болса да , ақылдарың қайда кеткен?», – деп жазды журналист Жазира Бегалы өз инстаграм-парақшасында

«Той тойлап жүріп "Коронавирус кет, кет деп" әндетіп жүргеніне бәле бар ма»

«Мәәә, ми жоқ екен ғой мына қазақтарда»

«Осы жарты бастардан қалдык кой, біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы. Айыппұл салу керек»

«Италияда тыңдамағанның кесірін көріп жатыр ғой қырылып. Біздікілер ерегісіп кетеді ғой тәкаппарланып. Басшыға бағынындар деген сөз жоқ қазақта» деп жазуда желі қолданушылары.
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Stan.kz (@_stan.kz)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр