Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"2 млн-ға жуық қазақстандық ауырған": Президент кеңесшісі еліміздегі коронавируспен ауырғандар санын есептеп берді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Олжас Құдайбергенов Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасын біріктіріп, науқастардың нақты санын есептеуге тырысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Олжас Құдайбергенов өзінің Facebook парақшасында денсаулық сақтау министрі Цой коронавирус статистикасына деген сенімділікті қалпына келтіру үшін алғашқы қадам жасай бастағанын айтты.

"Қазір ресми ақпаратқа сәйкес коронавируспен ауыратындар саны 67 мың, ал пневмониямен ауыратындар саны 234 мың (1 қаңтардан 15 шілдеге дейін). Егер пневмония бойынша таза өсімді алатын болсақ, онда шамамен 163 мыңға жуық адам болады. Сонда 67 + 163 = 230 мың коронавируспен ауырған. Бұл ең аз дегендегі көрсеткіш. Егер өсімді емес, бүкіл көрсеткішті алатын болсақ, онда 230 мың емес, 301 мың науқас/ауырғандар болады", - деп пайымдайды Құдайбергенов.

Келтірілген көрсеткіш ПТР-тестілеуден өткендер және өзі ауруханаға барған адамдар.

"Әрине, үйде емделіп жазылғандар бар, олады жалпы есепке қосқанда қандай санды көрсететіні әзірше белгісіз. Ауруханаға тек симптомы барлар ғана келіп, ал 85% адам симптомсыз ауырғанын ескерсек, онда 2 млн-ға жуық қазақстандық коронавируспен ауырған. Менің қателесуім де мүмкін, бірақ ең бастысы, денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа оған қатысты барлық нәрселерді жатқызатын болды, - деп атап өтті президент кеңесшісі.

Ол сондай-ақ қайтыс болғандардың санын есептеп көрсетті.

"Қазір коронавирустан қайтыс болғандар саны - 464. 1 қаңтар мен 15 шілде аралығында пневмониядан қайтыс болғандар - 3 327. Бұл 1896 адам қайтыс болғанда өткен жылдан 1,75 есе көп. Коронавирустан өлгендердің жиынтығы кем дегенде 1895, ал максимум 3791. Сондай-ақ коронавирустан емделіп, басқа себептен (өткір жүрек жетіспеушілігі, инсульт, инфаркт және т.б.) қайтыс болғандарды қосу керек, яғни туыстары өлімнің басқа себебін көрсетуге тырысқан жағдайларды қосу керек, - деп атап өтті ол.

Құдайбергеновтың айтуынша, өлу себебін жасыру әрекеттері  жалғаса береді, сондықтан оларды есепке қосу керек. Бірақ туыстарын жазалаудың қажеті жоқ. Тек қайтыс болғандардың дұрыс көмілуіне жағдай жасау керек.

"Жалпы, бұдан былай денсаулық сақтау министрлігі болып жатқан жағдайды бүкпесіз айтатынына сенім арту керек. Олар айтып отырған сандар қорқынышты, бірақ қазір біз ең сенімді ақпартыт алып отамыз. Сондай-ақ, статистиканы түзету қайтыс болған дәрігерлерге 10 млн теңгеден төленуі тиістігін көрсетеді", - деп түйіндеді Олжас Құдайбергенов.

Талқылау