Коронавирус жұқтырған түркістандық әйел қазақстандықтарға үндеу жолдады
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов желідегі парақшасында коронавирус жұқтырған әйелдің ауруға сенбейтіндерге үндеуі түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Коронавирус дертіне шалдыққан Түркістан облысының тұрғыны сіздерге сәлем жолдап, бұл дертке немқұрайлы қарамауға шақырады. 4 күн бойы дәрігерлер ауыр жағдайда жатқан әйел адамның өміріне араша түсіп, тек бесінші күн дегенде оның жағдайы жақсарған. Ал бүгін науқас бетпердені шешіп, далада алаңсыз қыдырып жүрген түркістандықтарға арнап мәлімдеме жасады. Оның баласы да COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды, оның жағдайы ауыр. Төтенше жағдай режимінің аяқталуы вирустың жойылғаны емес. Сол себепті абай болайық достар!", - деп жазды Facebook-тегі парақшасында Сәкен Қалқаманов.
Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында 247 адамнан коронавирус табылды, оның ішінде 157 науқас айығып, 1 аам көз жұмды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"