Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған Біртановтың жағдайы белгілі болды

15 маусымда кешке денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың денсаулық жағдайы қалыпты деп бағаланды. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елжан Біртанов

"Оған пневмония диагнозы қойылды. Қазіргі уақытта министр хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Бірақ емделіп жатқанына қарамастан, ол ауруханада, коронавирусты анықтау жөніндегі штабтың жұмысын онлайн режимінде үйлестіруде. Біз Елжан Амантайұлының тезірек оралуын күтеміз", - деді Диас Ахметшәріп.

Елжан Біртановтың Нұр-Сұлтандағы стационарда емделіп жатқандығы нақтыланды.

Жақында Елжан Біртановтың "қатаң санитарлық шараларға қарамастан" коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы министрдің өзі Facebook-те жазды.

Министр барша қазақстандықты "жеке карантинді" сақтауға шақырды. Сонымен қатар, ол індетті алдын-алу жөніндегі ұсыныстарды міндетті түрде орындауды сұрады:

1. Жұмыста, көлікте, көшеде, дүкенде және т.б. жерлерде әрқашан бір-бірінен алыс қашықтықта болыңыздар.
2. Егер сіз кеңсе қызметкері болсаңыз - мүмкін болса, қашықтан жұмыс жасаңыз.
3. Туыстарымен және достарымен онлайн, видео, жаңа технологиялар арқылы байланысуға да болады;
4. Қоғамдық жерлерде маскалар кию;
5. Қолды 20 секундтан кем емес жиі жуып, қолды тазартқышпен тазалаңыз;
6. Өзіңіз және отбасы мүшелерінің температурасын өлшеу үшін сынаппен жасалған термометрді қолданған дұрыс.

Денсаулық сақтау министрінің міндетін уақытша үш вице-министр: Олжас Әбішев, Людмила Бюрабекова және Ләззат Ақтаева атқаратын болады.

Талқылау