Коронавирус тағы үш елде тіркелді
Коронавируске шалдыққан науқастар Кувейтте, Бахрейнде және Ауғанстанда тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кувейтте және Бахрейнде ауруды жұқтырғандар жақында ғана Ираннан оралған азаматтар екен. Қазірдің өзінде Ирандағы індетке тап болғандардың саны 43-ке жетіп отыр, 8 науқас аурудан көз жұмған.
Кувейтте үш адам сырқаттаныпты. Аталған жайтқа байланысты ел билігі Иранмен әуе және теңіз қатынасын тоқтатып, сол жақтағы 700 адамды дереу эвакуацияламақшы екендігін жеткізген.
Ауғанстанда үш адамнан сараптама алынған. Олардың тек біреуі расталыпты.
Бахрейнде де бір адам коронавирусты жұқтырғаны анықталыпты.
Еске салайық, бұған дейін қатерлі індет қытайлықтардан бөлек жаппай басқа елдің азаматтарының өмірін жалмап жатқандығы жайлы жазған болатынбыз.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген