Коронавирус пен құс тұмауының байланысы бар ма: Министрлік түсіндірді
Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев құс тұмауы мен коронавирустың байланысы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында мамандар "Коронавирустың құс тұмауының таралуына әсері бар ма?" деген сұраққа жауап берді.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиевтің сөзінше, бұл екі вирус бір-бірімен байланысы жоқ вирустар. Олардың таралуы да әртүрлі. Бірі құстарға әсер етсе, енді бірі адамдар арасында таралады.
"Коронавирус пен құс тұмауы бір-бірімен байланысты емес. Коронавирус адамдар арасында таралса, құс тұмауы тек құстарға жұғып жатыр. Яғни коронавирусты тасымалдайтын адамдар, құстар емес", - дейді Тимур Сұлтанғазиев.
"Су ішер алдында "Бисмиллах" деп айт": Алматыдағы Urbo Coffee діни насихат жүргізді деп айыпталды
Белгілі дінтанушы Әл-Фараби Болатжан қоғамдық орындарда діни насихат жүргізілуіне наразылық білдірді
Көлсайдағы аспалы жолды салатын компания туралы не белгілі
Жоба инвесторы – "Компания Строй Индустрия”