Коронавирус пандемиясы қашан аяқталуы мүмкін екені айтылды
Коронавирус пандемиясы ең алғаш ауру тіркелген күннен бастап санағанда алты-жеті айдан кейін аяқталуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай болжамды Ресейдің Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының ғалымы, вирусолог Александр Бутенко ұсынды.
Ғалым мысал ретінде 2003-2004 жылдар аралығында Қытайда болған SARS және 2012–2014 жылдары Сауд Арабиясында таралған MERS коронавирус инфекцияларын келтірді.
Сондай-ақ Бутенко SARS-CoV-2 вирусының жұғу сипаты басқаларынан қарағанда әлдеқайда күштірек екендігін ескеріп өтті.
Еске салайық Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 2334 болып отыр. Бүгін 24 сәуірде екі науқастың өмірін жұқпалы індет қиды. Олардың бірі Алматыда, екіншісі Шымкентте көз жұмған.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр