Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус кезінде өлім қаупін 12 есе арттыратын ауру аталды

Сан-Франциско қаласындағы Калифорния университетінің ғалымдары коронавирус кезінде өлім қаупін 12 есе ұлғайтатын ауруды атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

қант диабеті

Кең ауқымды зерттеуге сәйкес, COVID-19-ды жұқтырған қант диабетімен ауыратын науқастар емдеуге жатқызуды алты есе жиі қажет етеді және оларда өлім қаупі 12 есе жоғары. Сондай-ақ, пандемияның бірнеше айында жиналған статистика қант диабеті COVID-19 кезінде жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейінгі асқынулардың ауырлығы бойынша екінші орында тұрғанын көрсетті.

Калифорния университетінің ғалымы Пракаш Дидванья қант диабетіне бүйрек аурулары, инсульт, миокард инфаркты, ампутацияға дейін жететін аяқ иннервациясының бұзылуы, сонымен бірге көрудің нашарлауын қоса алғанда, асқынулардың тұтас қатары тән екенін еске салды. Зерттеуші ең күрделі асқыну иммундық жүйенің тиімділігінің төмендеуі екенін айтты.

Өз кезегінде Огайо штатындағы Векснер медициналық орталығының дәрігері Джошуа Джозеф қандағы қант деңгейі жоғары науқастарға емдеуші дәрігерлермен және әлеуметтік қызметкерлермен үнемі байланыста болу қажеттігі туралы мәлімдеді. Дәрігерлер қандағы глюкозаның жоғарылауынан кем емес қауіпті гипогликемияның пайда болуын бақылауға тиіс.

Талқылау