Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус оралды: Қазақстандықтарға бетперде тағу режиміне көшу ұсынылды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Ең көп жағдай Алматы мен Астанада тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: bloomberg.com

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, Қазақстанда өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2024 жылдың қаңтарында коронавирус жұқтырғандар саны 2,5 есе өсті. Желтоқсанда 187, ал қаңтарда 477 жағдайға дейін өсті. Жаңа жағдайлардың ең көп дерегі Алматы (143) мен Астанада (74) тіркелді.

"2024 жылдың 26 ​​қаңтары мен 1 ақпаны аралығында бір апта ішінде республикада COVID-19+ инфекциясының 144 және COVID-19- инфекциясының 11 жағдайы тіркелді. Ауру дерегінің 26 ​​жағдайға өскені байқалды. Сондай-ақ жаңа жағдайлардың ең көп дерегі Алматы (37) мен Астанада (21) тіркелді", – делінген хабарламада.



Қазақстанның барлық өңірі "жасыл" аймаққа енді. Жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсектердің толтырылуы 1% болып, үш науқас стационарда емделіп жатыр.

"Шектеу шараларын енгізу жоспарда жоқ. Сонымен қатар кейінгі айда коронавирусқа, ЖРВИ мен тұмауға шалдыққандар санының артуына байланысты адамдар көп жиналатын жерлерде, қоғамдық көлікте және медициналық ұйымдарға барған кезде және науқаспен байланыста болғанда бетперде тағу ұсынылады", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін мәжілісте маска тағу міндеттелді. Мұндай шешім парламенттің төменгі палатасының спикері Ерлан Қошанов пен тағы басқа бірнеше депутат коронавирус жұқтырып алғаннан кейін қабылданған. 

Талқылау