"Қорқып жүр еді ол": Исламхан "Әл-Насрға" ауысқан Криштиану Роналду жайлы әзілдеді
Қазақстан құрамасының және "Ордабасы" клубының қорғаушысы Бауыржан Исламхан "Қызық Times” әзіл-сықақ бағдарламасына қонақ ретінде қатысты. Ол өзі бұрын өнер көрсеткен “Әл-Айн” клубы жайлы еске алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол импровизациялық шоуда өзінің Таяу Шығыс елінде Криштиану Роналду келгенге дейін ойнағанын айтады.
“Қорқып жүр еді ол,
Осы күнге дейін.
Роналду Арабияға келді,
Мен кеткеннен кейін!”, – деді Бауыржан Исламхан.
Айта кетейік, бағдарламаға Бауыржанмен бірге Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген де қатысқан.
Еске салайық, Исламхан 2020 жылы "Әл-Айн" сапында ойнаған. Криштиану Роналду "Әл-Насрға" 2022 жылы желтоқсанда ауысты.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

