"Қорғас" ШЫХО-да кезек күтушілер арасында қақтығыс орын алды – "Терминал А" пікір білдірді (видео)
"Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында жастар арасында топтық төбелес болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде "Терминал А" ЖШС жеке меншігіндегі багажды қабылдау пунктінде түсірілген видео жарияланды. Мұнда түсірілген видео әлеуметтік шиеленіс туралы хабарлайды. Оқиғаның мән-жайына қатысты "Терминал А" ЖШС өз жауабын берді.
"Туристер арасындағы әлеуметтік қақтығыс демалыс күндері туристер ағынының көп болуына байланысты багажды ұзақ күту салдарынан болды. Қазіргі уақытта багаж терминалындағы жағдай қалыпқа келтірілді", – деді "Терминал А" ЖШС.
"Қорғас" ШЫХО аумағында багажды қабылдау/беру және тасымалдауды "Терминал А" ЖШС жүзеге асырады.
Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы 40 жастағы ер адамды ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деп айыптады
Полиция: "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр"
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі