“Қорғас” шекара бекетінде жасырын казинолар жұмыс істеп келген
"Қорғас" ШЫХО-ның қазақстандық бөлiгiнде 8 жасырын казино заңсыз жұмыс істеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң жедел қызметкерлері мен шекарашылары қаржы мониторингi агенттiгiмен бiрлесіп, "Қорғас" ШЫХО-ның қазақстандық бөлiгiнде жұмыс iстеген 8 жасырын казино әрекетінің жолын кестi.
Ер адам казинода 4 миллион доллар ұтып алып, сол жерде көз жұмды (видео)
"2024 жылғы 18 шілдеде осы әрекетке қатысы бар деген күдікпен 32 шетелдік және 6 Қазақстан азаматы ұсталды. Тінту барысында ойын автоматтары мен үстелдер, құмар ойындарын ұйымдастыруға арналған техникалық жабдықтар, сондай-ақ көп мөлшерде ақшалай қаражат алынды”, – делінген ақпаратта.
Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Еске салсақ, осыған дейін сенат депутаттары елдегі ойынға тәуелділікпен күрес, лотерея қызметіне қатысты заңды мақұлдаған.
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?