Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында сарбаз комаға түскен: Әскери қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында 9 маусым күні жансақтау бөліміне түскен сарбазға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, 9 маусым күні Жамбыл облысының Қордай аудандық орталық ауруханасына Гвардейск гарнизонының мерзімді қызметтегі әскери қызметкері шұғыл жатқызылған. Сарбаз бастапқыда өзін әлсіз сезініп, қызуы көтерілген.

Медициналық тексерулер мен зерттеулер нәтижесінде сарбаздан екіжақты полисегментті пневмония анықтады.


Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түсті: Тоқаев кінәлілерді жазалауды бұйырды


Науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қазір оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

"Әскери қызметкер емдеу мекемесіне түскен кезде оның денесінен көгерген немесе зақымдану іздері болмағанын атап өту керек. Мерзімді қызметтегі сарбазға қатысты келісімшарт бойынша әскери қызметкер тарапынан билікті асыра пайдалану фактісі бойынша әскери тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тексеру жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпараттар жария етілмейді. Іс қорғаныс министрінің ерекше бақылауында”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында сарбаздың жансақтау бөліміне түскені туралы жазған едік. 

Талқылау