Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты пікір білдірді
Қорғаныс министрлігі әскери техникалардың ел аумағындағы қозғалысына қатысты пікір білдірді. Ведомство әскери техникалар полигондарға оқу-жаттығу жиыны өткізу үшін бет алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарулы Күштер қысқы оқу-жаттығу кезеңі аяқталғаннан кейін әскерді тексеру жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтты.
"Бөлімшелер сәуір айында әскери техникамен, темір жол көлігімен полигондарға ауысып, онда практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскері бақылау тексерісі шеңберінде Маңғыстау облысындағы полигондарға күштер мен құралдарды жіберуді жүзеге асырады", - делінген хабарламада.
Ал полигондарда тактикалық, түнгі уақытта ату бойынша оқу-жаттығулар өтетінін болады. Бөлімшелердің белгіленген мерзімде жүктелген тапсырмаларды орындау үйлесімділігі мен қабілеттілігі, әскери қызметкерлердің дайындығы, сондай-ақ командирлердің қоластындағы әскерилерді және бекітілген бөлімшелерді басқару қабілеті бағаланады.
"Қарулы Күштердің барлық құрамалары мен бөлімдері, сондай-ақ әскери басқару органдары тексерілуге жатады. Әскери техниканың қозғалысы, жеке құрамның қозғалысы әскерлердің жауынгерлік даярлығы үдерісімен байланысты. Жауынгерлік оқу іс-шаралары жоспарланғандай жүзеге асырылды", - деді Қорғаныс министрлігі.
Белгілі болғандай, Қарулы Күштердегі әскерді бақылау тексеруі 4 сәуірде басталған.
Әскерлер қысқы оқу-жаттығу кезеңінің соңында тексеріледі. Биыл президент әскердің жауынгерлік дайындығын түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл іс шара жаңа форматта өтетінін жеткізді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?