Кореядан Қанат Әлжаппаровтың сыңары табылды (видео)
Қанат Әлжаппаровтың сыңары Кореядан табылды. Өзінен аумайтын азаматты көріп әзілкештің өзі аң-таң күйде. Қанат Әлжаппаров кореялық жігіттің видеосын жариялап, желі оқырмандарын күлдірді.

"Мен қазақпын ба, кәріспын бе деген ой келеді кейде", - деп жазды Қанат Әлжаппаров.
Әзілкеш өзінен аумайтын шетелді азаматтың видеосын жариялады. Оны көрген көпшілік күлкіге қарық болды. Бірін сенбестік танытса, енді бірі әзілкештің өзі екенін айтып жатыр.
Өнер өкілдері де күлкіге қарық болды. Олар екеуінің өте ұқсайтынын айтты.
"Қанаттың атасынан сұрау керек, бір гәп бар", "Аузыңнан түскендей", "Қанеке, атаң бір жылдары Кореяға барған жоқ па?", "Мен Сарыағаштан сізден аумайтын азаматты көргенмін, суретке түсуге ұялдым", "Қанаттың өзі емес пе?", "Өзі шығар, кәрісше сөйлеп тұрған", - деді желідегілер.
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды
"Түрме - осы өмірдегі тозақ"
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды