Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздіктің артында кім тұрғаны айтылды

Жамбыл облысында орын алған кикілжіңді ұлтаралық немесе қоғамдық қақтығыс деп атауға келмейді. Осы орайда аймақта көп айтыла бермейтін бірнеше факторды ескеріп өткен жөн. Қордай ауданы шекараға жақын орналасқандықтан бұл жерде контрабандалық әрекеттер, сыбайлас жемқорлық пен есірткі тасымалы бар екендігі жасырын емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Вечерний Бишкек" басылымына сілтеме жасап. 

криминал

Басылымның мәліметінше, жаппай тәртіпсіздіктің себебі ұлтаралық қақтығыс делініп жүр екен. Алайда түптеп келгенде шиеленістің артында Қазақстанның оңтүстігінде есірткі саудасын қадағалайтын "Серік Бастың" өзі тұрған көрінеді. 

Ескеріп кетерлік жайт, осыдан бірнеше күн бұрын қылмыстық топтың басшысы полицейлердің қолына түсіп, артынша абақтыға жабылыпты. 


Тағы оқыңыз


Бұл нұсқаны бірнеше лауазымды тұлғалардың жұмыстан кетуі де растап отыр. 

"Біріншіден, қарайым тұрғындарда оқ-қарудың болуы, екіншіден жергілікті шенеуніктер мен полиция басшыларының лауазымдарынан айырылуы Қордайдағы оқиғаға қылмыстық топтың қатысы бар деген ақпараттың шынайылығын меңзеп отыр", - деп жазыпты басылым. 

Бұл туралы қазақстандық саясаттанушы Айдос Сарым да өз пікірін білдіріп кетіпті. 

"Болған оқиға - бірнеше жыл бойы жалғасып келе жатқан жағдайлардың себебі. Мен бұны тұрмыстық жанжал деп айтпас едім. Мұның артында үлкен дау тұр. Кикілжіңге үшінші жақтың қатысы бар. Егер болжайтын болсақ, ол, әрине, қылмыстық топ. Аймақ шекара маңында орналасқан. Сол себепті бұл нұсқаның рас болуы ғажап емес", - деді сарапшы. 

Естеріңізге салайық, 7 ақпан күні Қордай ауданындағы бірнеше ауылдарда жаппай тәртіпсіздік орын алған еді. Оқиғаның салдарынан 10 адам қаза тауып, жүз жетпістен астамы жарақат алған. ОСнымен қатар Масанчи, Ауқатты ауылдарында бірнеше үй мен сауда нысандары қирап қалған.

Осы оқиғаға байланысты президент Жамбыл облысындағы бірнеше тұлғаны жұмыстан босату туралы бұйрық шығарды. Бұған қоса облыс әкімі Асқар Мырзахметов те әкім лауазымын ерікті түрде бас тартты. Сөзінше, болған жағдайдан кейін әкім болып отыруға шенеуніктің ұяты жібермепті. 

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі болып Рүстем Дәулет тағайындалды

Жамбыл облысы Қордай ауданының жаңа әкімі белгілі болды

Көктегі ұшақтың құлауына жердегі үй иесі кінәлі ме? Bek Air соты басталды

Үй иесі: "Bek Air" 12 адамның өлімін менің мойныма артпақшы

Бұл қызметке мен аспаннан түскен жоқпын: Актер Нұрхан Кәдірбаев қалайша мемлекеттік қызметкер атанғаны жайлы сөз қозғады

Тележүргізуші: Теледидарға шығу менің бала арманым болған

Коронавирустен құлан таза айығып шыққан азамат ауруға қайта шалдықты

Ол бірнеше күн бұрын сырқатынан құтылып, үйіне жіберілген

Тұрғымбаев: Полицейлердің жалдамалы үйге кеткен ақысы өтеледі

Бұған дейін тек әскери қызметкерлерге ғана пәтер өтемақысы ұсынылған

Қордайда қарияны ұрған күдікті міндетті түрде сотқа тартылады - ІІМ

Министр аймақтағы жағдайдың тұрақталғанын жеткізіпті

"Әр қазақ - менің жалғызым": Анасы әкесінің қолынан қаза тапқан Аян Төлеуғазинге көпшілік көмегін аямады

Аянның 5 бауырын жинап, бір үйде өмір сүрсе деген арманы бар

Ақтөбе облысында қытайлық азаматтың 2,5 миллион теңгелік жалақысы жайлы ұйым басшылығы сөз қозғады

Сөздерінше, бұл жұмыскерлердің 12 айдағы жалақыларының қосындысы

ІІМ: Түркістан облысында қару ұрлаған әскердің басқаларына зияны тимеді

Оқиғаның мән-жайы әлі анықталмаған

Нұр-Сұлтан тұрғыны ерекше шаңғы тебу түрімен елордалықтарды таңқалдырды (видео)

Ол өзіне парашют жегіп, шаңғы тепкен
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр