Қордай трагедиясынан соң іс-түссіз жоғалған азамат әлі табылған жоқ

Қордайда жаппай төбелес басталып жатқанда көлік алып, нағашыларынан сүйінші сұраймын деп із-түссіз жоғалып кеткен Мұрат Масанов әлі табылған жоқ. Он бір күннен бері жиырма жастағы азаматты туған-туыстары мен достары, полиция іздестіріп жатыр. Әзірге ешқандай нақты ақпарат жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюроға сілтеп. 

Мырзахан Масановтың айтуынша, Қордайда қайғылы оқиға болған күні қуанышы қойнына сыймаған баласы нағашыларына барып келемін деп сұранған. Дәл сол уақытта әлеуметтік желіде қақтығыс туралы ақпарат тарап жатқанын естіген әкесі кейін барасың деп тоқтатып қойған. Арада біршама уақыт өткен соң ұлының үйде жоқ екенін байқаған. Күн өткен сайын күдік күшейіп, уайым еселеніп жатыр деді әке.

Мырзахан мардымды жауап бере алмай отырған құзырлы органдарды да жазғырады. Ал күні кеше мамандар Мырзахан Масановты отқа отырған сауда орталығында табылған мәйітті көруге жүрегім дауаламады дейді ол. Мамандар сараптама жүргізу үшін Мұраттың әкесінен қан алған. Нәтижесінде бір айдың ішінде дайын болады. 

"Іздеп таппай жатыр. Тауып берсе екен деп отырмын. Соны күтіп отырмын", - дейді көзіне жас алған Мұраттың әкесі. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр