Қордай ауданының тұрғындары үйлерінде есірткі сақтап келген
Жамбыл облысы Қордай ауданында үйлерінде есірткі сақтап келген екі азамат ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізу кезінде Қордай ауданының 45 және 42 жастағы екі тұрғынының үйлерінде тінту жүргізді. Олардың біреуі есірткіні үйінде полиэтилен пакеттерінде сақтап келген, ал екіншісінің жазғы ас үйінен табылған.
Сот-химиялық сараптама есірткі заты "героин" екенін анықтаған. Салмағы бір килограммнан асатын героинді үйлерінде ұстаған ер адамдар уақыт ұстау абақтысына қамалды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған