Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оларды сабырға шақырамын": Масанчиде қаза болған қазақ тілінің мұғалімінің жақындары болған жайтты айтып берді

Қордайда жаппай тәртіпсіздіктер болған түні Айша Ғадір есімді кітапханашының 24 жастағы ұлы Мәлік Ясыров опат болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап. 

Қордай

Сурет: express-k.kz сайтынан

"Ол Сортөбенің №17 мектебінде жұмыс істеді. Қазақ тілінен сабақ беретін, өзінің жас екендігінен қарамастан осы саланың мықты маманы еді. Мектеп десе ішкен асын жерге қоятын. Таңның атқанынан, күннің батқанына дейін мектепте жүретін. Оның жетекшілік еткен сыныбы да болаты. Оқушылары ұлымды қатты жақсы көретін. Олар үшін күнде бірнәрсе ойлап табатын. Өте көңілді, достарының арасында сыйлы. Дұшпандары да жоқ", - дейді марқұмның анасы. 

Айтуынша, оның баласы қазақ тілін білетіндігін алға тартып, жұртты сабырға шақырамын деп Масачниге аттаныпты.


Тағы оқыңыз

"Мұны қазақтар жасаған жоқ": Дүнген қауымдастығының төрағасы Қордай оқиғасы жайлы сөз қозғады


"Сол түні бәріміз бірге дастарқан басында бірге отырдық. Оның әйелі мен кішкентай баласы да арамызда болды. Үлкен ұлдары абыр-сабыр болып, өзімен мәз. Осы кезде Масанчиде шу болып жатыр деген хабар келді. Анашым мен ол жерге дереу баруым керек, мен қазақша білемін ғой, мен түсіндіріп, халықты сабырға шақырайын деді. Олар кіші ұлым екеуі көлікке мініп, сол ауылға аттанды. Сосын Мұхамед, кіші ұлым, "Анам, бекем болыңыз, ұлыңыз қаза болды" деп айтты", - деп еске алды Айша Ғадір. 

Бұған дейін қаза тапқандардың ішінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі бар екендігі айтылған еді. 

 

 

Талқылау