Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қорамызға кіріп кеткен бөтен қой": Жандарбек Бұлғақов бастаған топ елге келген ресейліктерге ән арнады

Желіде айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов бастаған топтың ресейлік орыстарға арналған әні тарады. Жандарбекке Дәулет Бижанов пен Сырым Әуезхан да қосыла шырқады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнде ресейліктердің елімізге үдере келуі сөз етілген.

"Пютин ағай бастап кетіп соғысты,

Бар әлемге шашыратты орысты.

Қазақ амал таба алмай,

Шекараны жаба алмай

Сорпа емес, ішіп отыр борщты.

Володя мен күтеміз деп Иванды

Волонтерлар неге сонша қиналды?

Студенттер қаңғырып,

Үй таба алмай мәңгіріп

Тасып жатыр ала сөмке диванды.

Бес жүз мыңнан беретіндей пәтерді

Квартирант өлтіріп пе Дәкеңді?

Орыс емес қағынған,

Пейілдері тарылған

Қазақтарды қуған қазақ қатерлі.

Жағдайларды көрдіңдер ме ЦОН-дағы

Очередтер страшный ғой сондағы.

ИИН-де кеп алғандар

Үйіңді кеп алғандар

Елімізге қызықпаса болғаны,

Қазақстан бізге ыстық мекен ғой

Мәңгі бақи соны сүйіп өтем ғой.



Соғыс тез-тез бітсе екен,

Қаламыздан шықса екен.

Қорамызға кіріп кеткен бөтен қой

Ай-ай-ай, шық, шық, шық

Шық, шық, даваааай",- деді орындаушылар.

Бұл ән желіде көпшіліктің көңілінен шығып, таралып кетті. 

 

Талқылау