Көп балалы аналар 8 наурыз қарсаңында әлеуметтік жәрдемақы алады
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында елорданың 30 мыңға жуық көп балалы аналары, отбасылары, сондай-ақ аз қамтылған тұрғыны біржолғы әлеуметтік төлемді алады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Астана қаласы мәслихатының шешімімен Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 30 мыңға жуық көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған азаматтарға 2,5 АЕК (8625 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.
Төлем "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Әлеуметтік төлемдер жөніндегі ведомствоаралық есеп айырысу орталығы" АҚ Астана қаласы бойынша филиалының тізімдері негізінде жүзеге асырылатыны хабарланды.
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда
Жасы 90-нан асса да ел тізгінінде: Әлемдегі ең егде президенттер кімдер
20 президенттің 12-сі Африка елдерін басқарады