Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көп балалалы ана мәртебесі мен көп балалы отбасы жәрдемақысы. Қалай алуға болады?

Редакциямызға көп балалы ана мәртебесін алу мәселесі бойынша оқырмандарымыздан сұрақтар жиі келіп түседі. Осы орайда Stan.kz тілшісі көп балалы ана мәртебесін алу және көпбалалы отбасы жәрдемақысы жайлы және аталған көмекті алу үшін қандай құжаттар тапсыру керектігін анықтап білді. 

Көп жағдайда қазақстандықтар көп балалы ана мәртебесін көп балалы отбасы жәрдемақысымен шатастырып жатады. Алайда мәртебе мен көп балалы отбасы куәлігін алу, сол арқылы жәрдемақыға ие болудың ажыратылатынын атап өткен жөн.

Көп балалы ана мәртебесін алу

Көп балалы ана мәртебесі төмендегі наградалар арқылы анықталады: 

  •  «Алтын алқа»;
  • «Күміс алқа»;

«Алтын алқа» - жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелеп отырған аналарға берілсе, ал «Күмiс алқаны» - алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алады.

Көп балалы аналар мәртебесін алғандар оларға берілетін жәрдемақыны ала алады. Көп  балалы аналарға арналған жәрдемақы Халыққа қызмет көрсету орталығынан беріледі. 

Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақы дегеніміз -  «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған не бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы.

Бұл жәрдемақы кез келген ана өтініш берген күннен бастап, тағайындалады.

Көп балалы ана «Алтын алқа» алқасын алу үшін оның жетінші баласы бiр жасқа жеткен және өзге балалары тiрi болуы тиіс.

Ал «Күмiс алқа» алқасын алты бала туған және алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған аналар наградталады.

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқасын алу кезінде төмендегі категорияларға сәйкес баласы барлар да ескеріледі:

- заңға сүйене отырып бала асырап алса;
- көз жұмған немесе хабарсыз кеткен, азаматтық борышын атқару кезінде қаза тапқан, жараланған, ауруға шалдығып өлген балалар да саналады

Мәртебені қалай аламын?

Қажетті құжаттар:

«Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» наградасына ұсыну үшін, азаматша тұрғылықты мекен-жайы бойынша аудандық Әлеуметтік әл-ауқат  бөліміне келесі құжаттармен жүгінуі қажет:

1.    көп балалы ана жеке куәлігі және оның көшірмесі;
2.    неке қию туралы куәлігтің көшірмесі;
3.    отбасындағы балалардың туу туралы куәлігі мен жеке куәлігінің көшірмесі; 
4.    ата-анасының жұмыс орнынан және баланың оқу орнынан анықтама;
5.    тегін өзгерткен жағдайда, тегін өзгерткенін растайтын құжат.

Жәрдемақыны қалай аламын?

Көп балалы аналарға арналған жәрдемақыны алу үшін Мемлекеттік корпорацияның Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну керек. Ол үшін Мемлекеттік корпорациядан өтініш пен құжаттар көшімесін алу қажет. Ал тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына баруы тиіс. 

Оған төмендегі құжаттар керек:

1)    жеке куәлік немесе төлқұжат;

2)    «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталғаннын көрсететін құжат. Бұрын «Батыр ана» атағын алған болса, I, II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғанын растайтын құжат;

3)    Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін тұрғын үй шаруашылығы азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы;

4)    банк шотының нөмірі жайлы деректер.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқалармен бірінші рет марапатталған аналар өтініш білдірмей-ақ, Мобильді азаматтар базасында SMS-хабарламаны растап, қызмет ала алады. 

Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы

«Көп балалы отбасы төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар жанұя. Айта кету керек, көп балалы отбасыға жату үшін 23 жасқа дейінгі ЖОО-да немесе колледжде оқитын жасөсіпірмдер жанұя құрамында болуы тиіс. Осындай балалары бар отбасылар көп балалы болып саналады. 

Көп балалы отбасыларға тағайындалатын жәрдемақы барлық қажетті құжаттар болған кезде  беріледі. Өтініш жасалған күннен басталған айдан жәрдемақы тағайындалған шарттар сақталған уақыт кезеңінде жүргізіледі.

1)    жеке басты куәландыратын құжат;

Оралман мәртебесі бар адамдар оралман куәлігін ұсынуы тиіс.

2)    балалардың туу туралы куәліктері;

Өтініш беруші мен баланың құжатындағы мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда, азаматша неке қию, некені бұзу туралы куәлікті ұсынуы тиіс.

Бала қамқоршылыққа алынған немесе баланы асырап алған жағдайда  осыны растайтын құжаттар талап етіледі.

3)   Отбасы құрамындағы бала 18 -23 жас аралығында ЖОО-да күндізгі нысанда білім алса, оқу орнынан анықтама қажет. 

Көп балалы отбасы куәлігі

Қазіргі уақытта көп балалы отбасы куәліктерін Мемлекеттік корпорация филиалдары береді. Ол үшін көп балалы отбасыға берілетін жәрдемақы алушы аталған мекемеге жүгінуі тиіс.

Сондай-ақ,  құжаттарды тапсырған кезде, www.egov.kz порталына Халыққа қызмет көрсету орталығына кезекке тапсырыс беру қажет болады.  

Көп балалы отбасы куәлігінің басты маңызы - мемлекеттен әртүрлі қолдау іс-шараларын алу үшін қажет екенін атап өткен жөн.

 

Дайындаған: Назерке МҰСА

Талқылау
Пікір
Жулдыз
30 Қаз, 20 жыл - 22:57

Менин бир ул егиз кызым бар ,ажыраскам Алимент толемей жолдасым розкада кашып жур Кыздарым оз колымда 10жаста али дурыс сойлеп менгере аулмайды Улым куйеуимди енди маган жасатуга болама отиниш дурыс жазалдымба Алдын ала рахмет Алланын нуры жаусын