Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көп адам менің өнерімді көріп, құлдық санадан босады": Омар Жәлел желіде тараған атышулы биі туралы пікір білдірді

Танымал ғалым, Абайтанушы Омар Жәлел желіде тараған танымал биін қайда билегенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/omarjaleluly_official_page

Омар Жәлел "Интеллигентно қу" жобасына қонақ болып барған. Оның айтуынша, ең үлкен билік - өнер. 

“Құдаймен қашан байланысамыз? Дүниені ұмытқан кезде, ал біз дүниені ұмыта алмаймыз ғой. Тек билеген кезде, сурет салғанда, музыка шығарғанда, кітап жазғанда дүниені ұмытады. Ақпаратты Құдайдан ала бастайды. Тойға келіп томсарып, екі бұттың арасына қарап отқанша, билеген дұрыс емес пе? Топ жарып билей алмаған адам, жау келгенде ел шетіне де шыға алмайды ғой. Би - денені игеру, дененіңді игеру үшін ақылды болу керек. Өмірдің - өзі музыка, адам өзінің денесімен Құдайдың музыкасын қайталайды. Менің биім арам терді шығарады. Бүкіл әлем адардары неге билейді? Денсаулығы үшін. Бізде біреу билесе, "қара анау жынданыпты" дейміз. Көп адам менің биімді көріп, құлдық санадан босады”, - дейді ғалым. 

Айтуынша, ол желіде тараған биін Ыстықкөлде билеген. 

“Мен - Сюцай дегеннен жаттықтырушымын. Оқып болғандар диплом алады, кешкі ас болады, сол кезде биледім. Менің бір биімді көтере алмай қалдыңдар ма?”, - деді ол. 

Сонымен қатар Омар Жәлел жігіттерге кеңес берді. 

“Жақсы әйел алмаған еркек байымайды. Мен 10 есе баймын. Анадолы түріктері "Еркек - сел, қатын - көл" дейді. Таудан аққан сел сияқты қанша мал тапса да, қатыны болмаса, сол су жиналатын көлі болмаса, оның бәрі ағып кетеді. Ер адамның баюуы әйелге байланысты. Қысқасы, жақсы әйел алмай, қанша тыртыңдасаң да байымайсың”, - деді Омар Жәлел.

Талқылау