AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Контрафакт және “көлеңке”. Қазақстандағы дәрі-дәрмек өндірушілері дәрілерді міндетті түрде таңбалауға дайындалуда

Контрафакт, көлеңкелі нарық және азаматтардың денсаулығына төнген қауіп Қазақстанда дәрі-дәрмек таңбалауының енгізілуіне басты себеп болып табылады. Бұл үрдіс қалай іске асырылатынын біздің материалымызда оқыңыздар.

Дәрі-дәрмектерді бақылау маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес. Интерпол мен ДДСҰ мәліметтері бойынша, контрафактілі дәрі-дәрмектер жыл сайын 100 000-нан 1 миллионға дейін өлімге әкеледі. ДДСҰ -ның ақпараты бойынша, Қазақстан да кіретін Еуропалық аймақта жасанды және контрафактілік өнімдер барлық дәрі-дәрмектің 20% құрайды.

Біздің елді жеке қарастырсақ, Қазақстандағы көлеңкелі фармацевтикалық нарықтың үлесі 10-12%-ға жетеді, ақшалай есептегенде, ол шамамен 53 млрд теңгені құрайды. Бұл ақпаратпен KHIDI CIS аналитикалық агенттігі бөлісіп отыр.

Коронавирустық пандемия контрафактінің жағдайдын одан сайын өршітіп жіберді. Мысалы, 2021 жылдың қараша айында Алматыда жалпы құны 250 миллион теңгені құрайтын 60 мыңнан астам жасанды дәрі-дәрмек тәркіленді. Контрафактілікпен антибиотиктер мен витаминдер шығаратын ұйымдасқан қылмыстық топ айналысқан. Мұндай жағдайлар сирек емес, Қазақстанда жыл сайын заңсыз өндіріс фактілері бойынша жүздеген қылмыстық және әкімшілік істер қозғалады.

Дүние жүзіндегі дәрі-дәрмектерді қадағалаудың ең тиімді әдістерінің бірі цифрлық таңбалау болып табылады. Бұл технология Қазақстанда да енгізілмек. Тұтынушылар қаптаманы «сканерлеп», өндіруші, импорттаушы, дистрибьюторлар және тіпті препараттың дозасы туралы ақпарат ала алады.

Бұл үдерісті сынау үшін елімізде пилоттық жоба  2019 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың шілде айының соңына дейін өткізілді. Оған «СК-Фармация», бес дәріхана, сегіз медициналық мекеме, екі импорттаушы, екі дистрибьютор және төрт отандық дәрі-дәрмек өндіруші қатысты. Пилоттық жобаға қатысушылар өздерінің өндірістік базалары негізінде цифрлық таңбалау процесін сынақтан өткізді.

Пилоттық жобаға қатысушыларының бірі – «Abdi Ibrahim Global Pharm» ірі фармацевтикалық компаниясы. Ол Қазақстандағы ең танымал таблеткалар мен капсулаларды өндірушілердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, компания Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сияқты елдерге дәрі-дәрмектің экспорттаушысыц болып табылады. Алматыдағы «Abdi Ibrahim Global Pharm» дәрі-дәрмек зауытының бас директоры Фахрух Рзаев дәрілік заттарға цифрлық таңбалауды енгізу жайындағы ойымен бөлісті:

«Әлемдік трендке қарасақ, Батыстың барлық елдерінде өнімдер таңбаланған. Бұл дәрілік заттарды тасымалдау мен сақтау тізбегінің ажырамас бөлігі болып табылады».

20-ға жуық дәрі-дәрмек түрін шығаратын “Нұр-Май” кәсіпорны да таңбалау үрдісіне дайын. Зауыт 2006 жылдан бері жұмыс істейді және нарықты негізінен инфузиялық ерітінділермен, яғни қарапайым сөзбен айтқанда, «сұйық» препараттармен қамтамасыз етеді.

«Қажетті жабдықтарды мамыр айында әкеліп, маусым айында орнаттық. Қазір қызметкерлерді оқыту үдерісі жүзеге асуда. Біз таңбалау процесіне дайынбыз, біз дәрі-дәрмектердің қаптамасын ескере отырып, жапсырма үшін дұрыс желімді таңдап, басқа да техникалық нюанстарды ескердік. Алғашқы кезеңде біз үш дәріні таңбалаймыз, бірақ олардың дозалары мен көлемі әртүрлі. Таңбалау нарықтың адалдығын арттыруға, оны заңсыз әрі жалған өнімдерден тазартуға көмектеседі. Бұл, сонымен қатар, компанияның беделін қорғауға да үлес қосады. Мысалы, егер контрафактілік дәріге қатысты қандай да бір бұзушылықтар анықталса, онда кәсіпорын өзін қорғай алады – таңбалаудан зауыттың өндіріске еш қатысы жоқ екені белгілі болады», - деп бөлісті “Нұр-Май” дәріханасының бас директорының техникалық мәселелер жөніндегі орынбасары Михаил Литвинов.

Дәрілік заттарды цифрлық таңбалау кәсіпорындарға контрафактілік өнімдер алып жатқан бос орындар есебінен өндіріс көлемін арттыруға да көмектеседі деп күтілуде.

Сонымен қатар, таңбалау дәрі-дәрмек қозғалысының өндірушіден бірыңғай және коммерциялық дистрибьюторлардың қоймалары арқылы медициналық мекемелер мен дәріханаларға дейін барлық бағытын қадағалауға мүмкіндік береді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр