Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көңілдесімен ұстап алғаным үшін ұрды": Жылдар бойы күйеуінен қорлық көрген алматылық әйел оқиғасымен бөлісті

Күйеуін көңілдесімен ұстап алғаны үшін соққыға жығылып, өзі ғана емес, балаларымен бірге тиран күйеуінің таяғына шыдап жүрген алматылық әйел басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Сөздің шыны керек” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скриншот 

Жадыра есімді жәбірленуші қазір Алматыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге пана болған дағдарыс орталықтарының бірінде тұрып жатыр. Жылдар бойы күйеуінің таяғына шыдап, соққысына үндемей көнуге, жақсы әйел болуға тырыссам да ақыры кетіп тындым,- дейді жәбірленуші. "Қандай жағдай болса да үйге келуші болма",- деген анасының сөзін ойлап, ақыр соңы дағдарыс орталығынан бірақ шыққан.  

“Тамақтың түр-түрі жасаулы, балалары қараулы. Өзім жұмыстамын. Сонда да барлық жағдайды жасап, одан да мықты болуға тырыстым. Ешқандай жанжал шығарғам жоқ. Күйеуімді тіпті үйімде төсекте ұстап алдым. Онда да үш күн жылап жылап кешірдім. Бір апта солай жүрдім. Одан кейін де қатты қол көтерді. Мен басқа отбасы құра бер деп те айттым. Балалар өскенше үйде тұра беретінін айтты”, - деді Жадыра. 

Жәбірленуші көңілдесімен ұстап алғанға ашуланғаным үшін кінәлі болдым дейді. Басқа баратын жері болмаған соң, балалар есейгенше тұра тұрайыншы деп те өтінген. Тіпті әйел әкеліп тұрсаң да, көнемін деген. 

“Өзімді қорлауға да көндім, алайда балалардың басын қабырғаға ұрғанда шыдай алмай қашып кеттім. Мен денеңе ешқандай зақым келтірмеймін деп, шашымды жұлатын. Себебі мен жұмыс жасаймын. Аудан кішкентай барлығы біледі. Бірақ елдің көзінше тып-тыныш жүреді”,-деді жәбірленуші. 


 

Талқылау