Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көңілдесімен кездескен әйел күйеуінен тығылу үшін бөлменің төбесіне жасырынып қалды

Филиппиндік әйел күйеуі көрмеу үшін төбеге жасырынды. Ол қонақ үйде көңілдесімен жатқан жерінде күйеуіне ұсталып қалды. 

Ер адам жұмыстан үйіне оралғанда әйелінің өзіне салқын қарап жүргенін аңғарады. Әйелі демалыс күндері қосымша жұмысқа шақырып жатқанын айтып үйден кетіп қалатын болған.

Әйелі кезекті рет жұмысқа аттанарда ер адам оның соңынан аңдуға шешім қабылдады.

Ол әйелінің жұмысқа емес, арзан қонақ үйге кеткенін көрді. Әйелі сол жерде бір жас жігітпен кездескен.

Ер адам досына қоңырау шалып, полиция шақырды.

Күйеуі мен полиция қонақ үйге кіріп үлгерген кезде, олар әйелдің көңілдесін ұстап алды. Ал әйелді таба алмады, бірақ еденде әйелдер киімдері шашылып жатқан еді.

Содан кейін жоғарыдан дыбыс естіліп, әйелдің аяқ киімі еденге құлап түсті. Әйел бөлменің төбе құрылымдарында жасырынғаны белгілі болды. Оны төменге түсуге ақыры көндірді.

Әйел күйеуінен ғана қорыққан жоқ. Филиппинде зина жасағандар үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Некеде тұрған әйелмен жыныстық қатынасқа түскен адам да дәл осындай жаза алады.

Талқылау