Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кондуктор таяққа сүйенген егде кісіні автобусқа кіргізбей итеріп жіберді (видео)

Әлеуметтік желіде автобус кондукторының таяққа сүйенген егде кісіні автобусқа мінгізбей, итеріп жібергені түсірілген видео пайда болды.

лор

Бейнежазба instavideo_kaz парақшасында жарияланыпты. Кадрда кондуктор таяққа сүйенген кісіні ішке кіргізбеуге әрекет жасайды. Ер адам қоғамдық көлікке кіруге қанша тырысқанымен, есіктің ауызына тұрып алған ер адам оны өткізбеген. Ең соңында кондуктор “сен сыймайсың” деп оны итереді. Ал ер адам болса таяғымен автобус терезесінен ұрғылап, қарсылығын білдірген.

Ер адамның шын мәнінде мүгедек пе, әлде жоқ па, ол жағы белгісіз. Алайда желі қолданушылары оны алқаш деп атапты. Әйтсе де пікір қалдырушылар, ол қандай күйдегі адам болмасын кондуктордың жасағаны өрескел, адамгершілікке жатпайды дейді.

Whats Going On?Что Могло Тут Произойти? #instavideo_kaz

Публикация от instavideo_kaz (@instavideo_kaz)

Бұған дейін де Алматыда кондуктор әйелдің мүгедек адамды автобустан түсіріп тастаған видеосы қоғамды дүр сілкіндірген еді.

Оқи отырыңыз:

Жолаушы көлікте қалған ақшасын қайтарғаны үшін таксиске үй мен көлік алып берген

Астаналық азамат отбасынан адасып құлдықта болған ер адамды туыстарымен табыстырды

Шашын қызылға бояп, шарап ішетін енелер кімге үлгі болмақ?

БҚО-да байлаулы тұрған ит босанып кетіп қойға шапты

Талқылау